$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда 11 жастағы қыздың анасы жоғалып кетті

Қарағандыда 11 жастағы қыздың анасы Альфия Хакимова із-түзсіз жоғалып кетті деп жазады ekaraganda.kz.

Осыдан 10 күн бұрын Альфия Хакимова жұмысқа кеткеннен қайта оралмапты. Әпкесі Алина оның хабарласпай кетіп қалатын танысы да, туысы да жоқ деп отыр.

«Ол Пришахтинскіде тұрады. Сол жақта жұмыс істейді. Телефоны өшірулі болды. 11 жастағы қызы да қайда кеткенінен хабарсыз. Баруы мүмкін жерлердің бәріне хабарластық. Үйге тезірек оралса екен», — дейді Алина Хакимова.

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер Альфияның іздестіріліп жатқанын айтады.

Көрген-білгендер 8-705-252-25-54 байланыс нөміріне хабарласса болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары