Қоғам 18.09.2018 сағат 09:34  845

97 жастағы әжесін көрсеткен Жанболат пен Жазира көптің батасын алды (ВИДЕО)

Жазира Байырбекова әжесінің қазан айында 97-ге толатынын айтып, қарт кісінің туған күнін тойлап беретінін баяндады. Желі қолданушылары 100-ге таяған әжейдің әлі де тың болмысына қарап, Жанболат пен Жазираға үлкен кісінің жасын тіледі.

97 жастағы әжесін көрсеткен Жанболат пен Жазира көптің батасын алды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әжемді сұрап жазып жатқандарыңызға раxмет! Әжем үйде. Сіздерге сәлем айтып жатыр.

10 қазан 97-ге енді толады. Соған орай 90 мен 100 жас арасындағы қарттардың басын қосып, бір-бірімен таныстырып кішігірім тойлатып берсем бе деп отырмын», - деп жазды Жазира Instagram-парақшасына.

Желі қолданушылары қарт кісіні жиі көргісі келетінін айтып жатыр.

«Айналып кетейін әжетайым, аман болыңыз. Жазира, Жанболат, осы кісінің жасын берсін сіздерге», «Көз тимесін. Қандай бақытты жансыздар», «Видеоларын жиі салып, сөйлетіп тұрыңызшы», - деп жазды олар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар