Батыс Қазақстанда білім грантына іліге алмаған қыз суицид жасады, - деп хабарлайды "Мой город".
Қаза болған қыздың шешесі Бақыттың айтуынша, оқиға алдында оның жалғыз қызы Айгерім грантқа түскендердің тізімін қарап, өзінің аты-жөнін таппаған. "Ол бастапқыда нәтижелерді компьютер арқылы қарады, кейін ұялы телефоннан, сенбеді, поштаға барып, "Егемен Қазақстан" газетін сатып алды", - дейді Бақыт. - Ол үйге түскі сағат 16.00-де келді. Үйде отырып, нәтижелерді қарады. Кейін маған "Мен тізімде жоқ екенмін" деді. Мен оған "Жарайды, ештеңе етпейді, біз сені Алматыдағы ҚызПИ-ге жібереміз", - дедім. Мен оны ешқайда тастамайтынымды, себебі жалғызым екенін айттым. Ол жуынуға баратынын айтты. Ол тіпті жылаған да жоқ".
Бұдан кейін шешесінің айтуынша, Айгерім жуынып, өз киімін жуып, жайып қояды. Ол өз қызының аулада жүргенін көреді. Бірнеше минуттан кейін Айгерімге көршісі келіп, шешесі оның аулада жүргенін айтқан. "Қораның маңынан өтіп бара жатып, ол Айгерімнің тұрып тұрған сәтін көрген. Біз қарасақ, ол ілініп тұр екен", - деді анасы. Шешесі мен көршісі Айгерімді шешіп алып жатқан сәтінде ол тірі болыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер шешесіне қызының тіпті тірі екенін айтқан. Алайда Айгерім ауруханаға бара жатқан кезде қайтыс болыпты. Басылым мәліметінше, түлектің шешесі оны грантқа түсе алмағандықтан осындай іске барған деп есептейді. Айгерім Подстепной қазақ орта мектебін бітіріп, ҰБТ-дан төрт пән бойынша 93 балл жинаған, ал орыс тілін санамағанда 73 балл.
Осы оқиғаға қатысты марқұм оқыған мектептің директоры түсінік берді - Берік Нығметовтың айтуынша, оның таңдау пәні ағылшын тілі болған. "Біз бұл оқиға жайлы кеше білдік. Бүгін таңда оның үйіне бардық. Не айта аламын, ата-анасы қайғылы оқиғаға қатты қиналып жатыр. Айгерім үздік оқыған жоқ, бірақ үлгерімі жақсы еді. Біз оған ағылшын тілін таңдап, грантқа ие болудың қиын екенін айттық, себебі ағылшын тілін таңдайтындар көп", - деді мектеп директоры. Айта кетейік, бұл мектептің 15 түлегінің сегізі ғана білім беру грантына ие болыпты.