Сауль Альварес қазақстандық актер Нұртас Адамбайдың әлеуметтік желіге жазған пікірін өшіріп тастаған. Бұл туралы актер Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Өткен аптада Генадий Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегінен өтіп, Альварес ұпай санымен жеңіске жеткен. Осы оқиғадан кейін танымал қазақстандық актер Нұртас Адамбай Альварестің желідегі жазбасының астына «Альварес, сен менің қарындасым сияқты төбелестің. GGG, сен чемпионсың» деп пікір қалдырған.
Алайда 1000-нан астам Like жинаған бұл пікірді «Канело» өшіріп тастады.
Еске сала кетейік, Альварес Халықаралық бокс Федерациясымен санкциялық келісімге келе алмағаны үшін IBO белдігінен айрылып қалған. Демек, Геннадий Головкин бос тұрған белдік үшін сайысқа шығуы әбден мүмкін.