$ 448.15  483.46  4.86

Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі қызылордалықтардың қорқынышын алды (ВИДЕО)

Осыдан бірер күн бұрын, 8 шілде күні Қызылорда қаласының тұрғындары түнгі аспандағы беймәлім құбылыстың куәгері болды. Шашамен түнгі сағат 22.00 шамасында қала үстінде жарық сәуле пайда болды. Әппақ түтін тәріздес жарық құбылыс шығыстан батысқа қарай жылжыды. Болған жайдың бейнекөрінісін куәгерлер ғаламторға салған.

Айта кетейік, сейсенбі күні 21 сағат 58 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдеткіш блогы және «Метеор-М» №2 ғарыш аппараты мен тағы шағын алты ғарыш аппаратының көмегімен «Союз-2.1б» ғарыш кемесі ұшырылған болатын.

Ұшыру жоспарына сәйкес КА «Метеор-М» №2 нысаналы орбитаға шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары