Қоғам 28.09.2018 сағат 09:54  1117

Қоғам белсендісі: «Шымкентте шенеуніктер бұқаларды күніне 30 литр сүт береді деп көрсетіп, әрқайсысына субсидия алған»

Шымкенттік қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаев ауылшаруашылық саласындағы шенеуніктердің былығын әшкереледім деп сеніммен айтып отыр. Оның сөзіне сенсек, өңірдегі Ауыл шаруашылығы басқармасы сүт беретін сиырларға бөлінетін субсидияны бұқаларға да беріп келген екен. Жай ғана беріп қоймаған, әр бұқа күніне 30 литр сүт береді деп есеп жазған. Бұл туралы қоғам белсендісі Sn.kz порталының тілшісіне айтып берді.

Қоғам белсендісі: «Шымкентте шенеуніктер бұқаларды күніне 30 литр сүт береді деп көрсетіп, әрқайсысына субсидия алған»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желілерде Көпбаевтың видеоүндеуі жарияланып, ондағы мәліметтер желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды. Сау адамның ақылына қонбайтын бұл мәліметтің мән-жайын білу үшін Бақытжан Көпбаевтың өзімен сөйлестік. Айтуынша, Ауыл шаруашылығы басқармасы бір ғимараттан екіншісіне көшіп жүргенде, оның қолына біраз құжаттар түскен екен. Сауынды бұқалар туралы мәлімет сонда көрсетілген дейді ол.

«Мемлекет сүт беретін сиырларға субсидия береді. Әрбір сиырдың және әрбір бұқаның өз номеры бар. Бірақ сол субсидия алатын сиырлардың тізімінде бұқалардың да номеры жүр. Яғни, оларды сиыр деп көрсеткен және олардың әрбірі тәулігіне 30 литр сүт береді депті. Бұл салада былық көп, алдағы уақытта барлығын тізбектеп айтып беремін», - дейді Б.Көпбаев.

Қоғам белсендісі аталған саланың шенеуніктерімен бірнеше рет соттасқанын да айтып отыр. Осы құжаттарды жариялағаным үшін сотқа берсе заң алдында жауап беруге дайынмын дейді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар