Қоғам 18.09.2018 сағат 15:24  531

Қарашаңырақтың 90 жасы тойланды

Қазақстан түсті металлургиясының қарашаңырағы атанған Қарсақбай мыс өндірісіне 90 жыл толуы Қарсақбай кентінде кең көлемде атап өтілді. Кейіннен саф алтындай сапалы мысымен әлемге танылған, ел экономикасының дамуында өлшеусіз үлесі бар Үлкен Жезқазғанның бастауында тұрған Қарсақбайда көнекөз қариялардың айтуынша, Қазақстанның тұңғыш мысы 1928 жылы 19 қазан күні 23.00 сағатта алынған.

Қарашаңырақтың 90 жасы тойланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дүбірлі шара осы мереке аясында күрделі жөндеуден өткен Қарсақбай кнтінің мәдениет үйінен басталды. Оған облыс, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшылығы, ардагер металлургтер, мыс өндірісінің озаттары мен қадірменді қонақтар қатысты. Салтанатты жиында Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарушы кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов, еңбек жолын осы қарашаңырақтан бастаған еңбек ардагері, Жезқазған қаласының құрметті азаматыТөлеген Әбдірахманов, Қарсақбай металлургиялық зауытының директоры Мұрат Мәткенов сөз сөйлеп, жиналған қауымды айтулы мерейтоймен құттықтады.

Жиын барысында мыс өндірісінің ардагерлері мен еңбек озаттарын марапаттау рәсімі өтті. Оларға Қарағанды обысы әкімінің, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Президентінің құрмет грамотасы мен қаржылай сыйлықтары және он жаңа «Нива» автокөлігінің кілті табысталды.

Мерекелік іс-шара Қарсақбай металлургиялық зауытының шойын құю учаскесінде жалғасты. Бұнда аталмыш өндіріс орнында шыңдалып, мыс өндіру саласының нағыз майталмандары атанған ардагерлер құрметпен қатар түзеді. Олар өздеріне етене таныс мыс балқытушының арнайы киімін киіп, шойын балқымасын алды. Олар пеште қортылған шойында ардагер металлургтер «Қазақстанда алағашқы мыс балқымасына алынғанына – 90 жыл» деп жалыған арнайы қалыптарды құюды бастады. Зейнеттік демалысқа шыққандарына талай жылдың жүзі болса да кешегі металлургтердің қимылдары қалыптасқан, жұмыс істеу тәсілі ұмытылмаған. Алып шөміштегі балқыманы қалыптарға құюдың өзіндік мәні бар.

90 жылдыққа арналған айшықты шараның бірі – Қарсақбайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға үлесін қосқан Қазақ КСР Құрметті металлургі Қадыр Мәткеновке арналған ескрткіштің ашылуы болды. Ұлытау-Жезді өңірлерінің Құрметті азаматына өзінің атындағы көшеде тастан қашалған бюст қойылды. Бұл шарада Ұлытау ауданының әкімі Ануар Омар сөз алып, Қадыр Мәткенұлының өмір жолына тоқталып кетті. Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Көпеев өз кезегінде Қадыр Мәткенов жайында мыс зауытын өркендету үшін барын аямаған деді. Шара соңында ескерткіш салтанатты түрде ашылып, көпшілік гүл шоқтарын қойды.

Қарсақбайда өндіріс ошақтарының жанданып, Үлкен Жезқазғанның пайда болуында академик Қаныш Сәтбаевтің үлесі зор. Осы өңірдің жер асты байлығын анықтап, алып мыс өндірісінің ашылуына себепкер болған ғалым 1928-1941 жылдар аралығында Қарсақбайда тұрған. Геолог тұрып, еңбек еткен үйі бүгінде мұражайға айналған. 90 жылдық мерейтой аясында жөндеуден өткен осы музейдің алдында салтанатты митинг өтті. Жиында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік Хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Мұзараф Аханов сөз сөйлеп, Қ.И.Сәтбаевтың осы өңірдің тыныс-тіршілігіне қосқан өлшеусіз еңбегіне тереңінен тоқталды. Кейін қонақтар музейді аралап, қойылған экспонаттарды тамашалады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар