30.09.2018, 05:15

Астанада ер адам 5-қабаттан секіріп өлмек болып, кейін бұл ойынан айнып қалды (ВИДЕО)

Желіде бесінші қабаттың терезесінде ілініп тұрған ер адамның видеосы жарияланды. Ол терезенің тақтайынан ұстап тұрып, айғайлап кері кіргізуін сұраған деп жазады Tengrinews.kz.  

Оқиға 29 қыркүйекте Астанада болған. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері сағат 16:00-де 102 нөміріне Қобыланды батыр көшесінің бойындағы үйлерде ер адам терезеден секірмекші деген хабар түскенін айтты. 

Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, ер адамды үйіне кіргізген. Кейін 40 жастағы ер адам мен оның әйелін оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. 

Сөйтсе, ерлі зайыптылар арасында шыққан жанжалдан кейін ер адам оны пәтерден шығармаса, терезеден секіріп кететінін айтып қорқытқан. Ол балконға шығып, кейін терезенің таянышына сүйеніп алған. 

"Ерлі-зайыптыларға қатысты қорғау бұйрығы шығарылды. Оқиғадан кейін медицина қызметкерлерін шақырып, ер адамды денінің саулылығына тексеруі үшін психиатрлық ауруханаға жеткізді. Полицейлердің оқиға орнына дер кезінде жеткенінің арқасында оқыс-оқиға болған жоқ", - деді полиция қызметкерлері.