Сенбі күні Қостанай қаласының 136 жылдығын тойлаған тұрғындар нанқа таласып қалды. Бұл туралы Наша газета басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.
Қала тұрғындарының наннан жасалған пирамидаға шабуылы көпшіліктің таңданысын туғызды.
Нанннан жасалған ерекше экспозиция маңында жергілікті өнерпаздар концерт қойып, қала тұрғындары тамашалап тұрған. Талас облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов наннан ауыз тиіп, кетіп қалған соң басталған.
Күзетшілерге де бағынбаған тұрғындар, төменгі қатарда тұрған нан бітіп қалған соң, ең жоғарыда орналасқан каравайды аламыз деп жанталасқан.
Ал нан пісіруші қыздар қанша жерден тырысқанымен, нанға таласқан көпшілікті тоқтата алған жоқ.