$ 498.34  519.72  4.85

Cелфидің қазақстандық үлгісі

Қазақстандық арулар селфидің жаңа түрін ойлап тапты. Суретке түсудің жаңа түрінің қасында селфи де, басқасы да бәсекелес бола алмай қылған сыңайлы.

Себебі әлеуметтік желіде арулардың бұл суреттеріне қызығушылық танытқан жұрт көп.

Оқиға былай басталды. Белгілі блогер Александр Цой Фейсбуктегі парақшасына «басына «Бәйтеректі» қондырған» бойжеткеннің суретін жариялап, оған: «Егер сіз Астанада бола тұрып, осындай суретке түспеген болсаңыз, уақытымды бекер өткіздім деп санаңыз», – деген пікір жазды.

Араға бір күн салып оңтүстік астанамыздың Динара Сәбитова есімді аруы әйгілі «Қазақстан» қонақ үйін «тәж қылып киген» суретімен бөлісті.

Алексанр Цой бұл суретті де назардан тыс қалдырмай: «Дегенмен, біздің қыздар өте тапқыр. Кеше ғана астаналық бойжеткеннің суретін жариялаған едім, бүгін Dinara Sabitova өзінің «Қазақстан» қонақүйінің алдында түскен мына суретін жолдапты. Бір қызығы, бұл қонақүйді салғандардың қатарында оның атасы да бар екен. Енді сіздер екі астанада да қалай суретке түсу керектігін білген шығарсыздар?» – деген пікір жазып, парақшасына салды.

Динара Сәбитова болса бұл жаңалыққа Фейсбуктегі парақшасында мынандай пікір білдіріпті: «Мынау бір шағын ирония. Менің суретіммен өзім бала кезімнен жақтырмайтын Александр Цой (Саша, айып етпеңіз) бөлісіпті. Оның «Динара» деген әні үйде де, көшеде де, мектепте де қыр соңымнан қалмайтын».

Қазір әлеуметтік желілерде, әсіресе Instagram-да, осындай суреттер қаптап кетті.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары