$ 482.86  533.17  5.08

Алматыда оқушының құлағынан тартып, бетін шымшыған мұғалім видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Мұғалімнің оқушыларды ұрған сәті видеоға түсіп қалды. Ұстаздарының іс-әрекетін сынып ішіндегі оқушылардың бірі телефон камерасына түсіріп алған.
Кейін бұл видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloby_astana тобында жарияланды.
Жазба авторының айтуынша, оқиға Алматыдағы №10 интернатта болған. Мұғалім тақта алдында тұрған оқушыларға ұрысып, одан қалса құлақтарынан тартқан.

«Ұстаз – жүрегінің жылуымен, мейірім, махаббатымен ұстаз. Ұстаз – екінші ана. Дегенмен, бүгінгінің ұстазсымақтарын осындай қылығынан соң қалайша ұстаз деп бас иесің?! Үйінің мəселесін місе тұтып, бар өшін бейкүнə баладан алатын, ұрып-сабап сабақ бергісі келетін ұстазсымақтарды біздің қоғам қалай қабылдар екен? Оны көрген баладан не күтеміз?! Баланың көргенін істейтінін, оның бала екенін ұмытпағанымыз жөн. Бүгін бір ұятты жағдайдың куəсі болып отырмын. Мына оқиға жаға ұстатып отыр. Алматы қаласы №10 интернат-мектеп оқытушысы сынып көзінше 3 оқушыны таяқ астына алып, жер жебіріне жеткен. Бұл жағдайды біле тұра үнсіз қалсақ баламыз білімді болып шыға қояр ма екен? Əр ата-ана баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіргісі келеді,сапалы да саналы білім бергісі келеді. Білімді таяқпен беру дұрыс деп есептейсіз бе?! Келіспесеңіз мұндай ұрымтал ұстаз сымаққа қандай шара қолданар едіңіз?» – деген жазба қалдырған автор.
 
Видеоның нақты қашан түсірілгені жазылмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұстаз-жүрегінің жылуымен,мейірім, махаббатымен ұстаз. Ұстаз-екінші ана. Дегенмен,бүгінгінің ұстаз сымақтарын осындай қылығынан соң қалайша ұстаз деп бас иесің?!.Үйінің мəселесін місе тұтып,бар өшін бейкүнə баладан алатын, ұрып-сабап сабақ бергісі келетін ұстаз сымақтарды біздің қоғам қалай қабылдар екен? Оны көрген баладан не күтеміз?! Баланың көргенін істейтінін,оның бала екенін ұмытпағанымыз жөн. Бүгін бір ұятты жағдайдың куəсі болып отырмын. Мына оқиға жаға ұстатып отыр. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ #10 ИНТЕРНАТ МЕКТЕП оқытушысы сынып көзінше 3 оқушыны таяқ астына алып,жер жебіріне жеткен. Бұл жағдайды біле тұра үнсіз қалсақ баламыз білімді болып шыға қоярма екен? Əр ата-ана баласын қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай өсіргісі келеді,сапалы да саналы білім бергісі келеді. Білімді таяқпен беру дұрыс деп есептейсіз бе?! Келіспесеңіз мұндай ұрымтал ұстаз сымаққа қандай шара қолданар едіңіз

Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ (@zhaloby_astana)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #білім #мұғалім #оқушы #микс