$ 443.44  480.51  4.88

Желі қолданушысы қытайдан келген омыраутартқыштың қыз-келіншектерге зарары бар екенін айтты (ВИДЕО)

Әйел адамдарға арналған қытайлық омыраутартқыштардың берер зарары бар. Бұл туралы видеоны әлеуметтік желі қолданушысы Жәнібек Иманмәзір өзінің Facebook-парақшасында бөлісті.

Ол қыз-келіншектерді базардан іш-киім сатып аларда абай болуға шақырды. Өйткені Қытайдан әкелінген омыраутартқыштардың ішінен суға ұқсас сұйықтық шыққан. Айтуынша, ол әйел адамдарының рак ауруына шалдығуына себеп болатын көрінеді.

Бейнежазбада желі қолданушысы омыраутартқыштың ішкі қуысын тіліп, оның іші сұйықтыққа толтырылғанын көрсетеді.

Әйел адамның осынау іш киімі Алматыдағы базарлардың бірінен сатып алынған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары