Қоғам 07.10.2018 сағат 09:57  988

«1 миллион теңге»: Отбасының қисынсыз талаптарынан кейін жігіт қалыңдығын алудан бас тартты

Жігіт қалыңдығынан бас тартты. Оған қыздың отбасының қисынсыз ақша сұрап, талап қойғандары себеп болған. Бұл туралы Гульнара Кустаулетова есімді Facebook қолданушысы «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазба жариялады.

«1 миллион теңге»:  Отбасының қисынсыз талаптарынан кейін жігіт қалыңдығын алудан бас тартты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Автордың айтуынша, құрбысының інісі үйленбекші болып, тойды 6 қазанға белгілепті. Алайда, тойға жақын қалғанда қалыңдықты алудан бас тартқан.

Жас жігіт әкесіз өскен екен. 8 жыл бұрын қайтыс болған әкенің орнын туған әпкесі басқан. Яғни, үйдің үлкені іні-сіңлілерін өзі асырап, аяққа тұрғызыпты.

Үйдің кенжесі үйленемін деген соң, оның да барлық шығынына өзі жүгірген. Алайда, той болмай қалады. Себебі, қыздың ата-анасы танысқан күннен бастап олардан сыйлық, ақша сұрай бастаған. Мәселен, атасына күртеше, әкесіне ат және тон сұраған. Ал анасына былғары тон, інісіне алтын сақина, 500 мың теңге ақша, кілем және тағы басқа ұсақ-түйек дүниелер сұрапты.

Сөйтіп той күнін белгілеп, мейрамханаға тапсырыс бергеннен кейін қыздың ата-анасы сыйлықтар қатарын тағы ұлғайта бастаған. Яғни, тойға келетін 20 адамға да екі жастық, көрпе және анасына гауһар тас талап еткен.

Сондай-ақ, 500 мың теңге қалыңмалды 1 миллионға өсірген. Мұны естіген жігіттің әпкесі құдасына сыйлықтар болмайтынын және 1 миллион емес 300 мың теңге ғана ұстататынын айтыпты. Алайда, қалыңдықтың отбасы егер 1 миллион теңге және тапсырған киіттерді бермесе қызын бермейміз деп қорқытыпты. Онымен қоймай, 1 миллионды несие ретінде берулерін сұраған.

Болашақ қайын енесі мен атасының бұл қылығына ашуланған жігіт соңында қалыңдықтан бас тартып, тойға деп төлеп қойған ақшаны қайтарып алыпты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар