Қоғам 28.09.2018 сағат 13:48  390

Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды

Жасыратыны жоқ, соңғы он жылдықта елімізде жұмысшы мамандықтарға сұраныс еселеп артты. Өйткені, Қазақстанда жүріп жатқан индустриаландыру процесі заңгер, экономистерді емес, нақты бір кәсіп иелерін, яғни жұмысшыларды көптеп талап етіп отыр. Оған қоса бүкіл әлемде ақпараттық технология қарқынды түрде дамып жатқанда біздің елде IT саласының білікті жастары жетіспейді. Бұған себеп – екі мыңыншы жылдардың басынан бері қазақстандық жастар негізінен кәсіп болатын мамандықтарды емес, жоғарыда айтқандай экономист пен заңгер, халықаралық қатынас секілді факультеттерді таңдап, тәмамдап шықты.

Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жұмысшы жастардың жетіспей жатқанын Елбасының өзі жыл сайынғы жолдауларында айтып, жастарды кәсіп болатын техникалық мамандықтарды таңдауға үгіттеп келеді. Еңбек жастарының беделін арттыру үшін өңірлерде түрлі шаралар да қолға алынған. Солардың бірі Жамбыл облысында өтіп жатыр. Бүгін өңірдегі «Меркі» шипажайында салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Еңбек жастарының республикалық форумы ашылды. 

Форумның негізгі мақсаты – жұмысшы кәсіптерін өзектендіру, қоғамның материалдық игіліктерін қамтамасыз ететін Еңбек адамының беделін арттыру.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Геннадий Шиповских, ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитеті төрағасы м.а. Асхат Оралов, Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов қатысуда.

Форум барысында ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысушылар алдында сөз сөйледі. ҚРКФ басшысы бүгінде Қазақстандағы еңбек жастарына жеткілікті назар аударылмайтындығын атап көрсетті. 

 «Кәсіподақтар федерациясы еңбек жастарына баса назар аударуға ниетті. Бүгін осы Форумда жұмысшы жастардың өзекті мәселелерін білуді, олардың кәсіподақтармен жұмысын өзектендіруді, мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастыруды жоспарлап отырмыз.

Біз кәсіподақтар қызметіне жастарды белсенді түрде қатыстыруымыз тиіс. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында кәсіподақ саласы қызметкерлеріне арналған «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» байқауын жариялады. Еңбек жастарының өкілдері біздің үміткерлер болатындығына сенімдімін!» - деп атап өтті Бақытжан Әбдірайым.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың айтуынша, қазіргі таңда дарынды жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді екен. 

«Біз үшін бәсекеге қабілетті кадрлар – талантты жастар өте маңызды. Тұңғыш Президент Қоры тұрақты түрде жас журналистерге, жазушыларға, ақындарға, фотографтарға, ІТ-мамандарға арналған байқаулар өткізеді. Жыл сайын ондаған талантты мәдениет және ғылым өкілдері Қор лауреаттары болады», - деді И.Рогов.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстың билік өкілдері жастарды еңбек саласына қатыстыру үшін қандай қадамдарға баратындығы туралы айтып өтті.

ҚРКФ Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров болса Қазақстанда кәсіподақтың тиімділігін арттыру үшін түрлі шаралардың атқарылып жатқанын айтып өтті.

«ҚРКФ қатысуымен ашылған «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі» Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тұңғыш кешенді білім беру жобасы болып табылады. Қазақстанның түрлі өңірлерінде осы Мектептің алғашқы шығарылымы өтті. Бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының 67 көшбасшысы оқытылды».

«Біз Федерацияның «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында өз акциясын жариялағанын қуанышпен қабылдадық. Еңбек адамдары біздің әлеуметтік құндылықтар жүйесінде лайықты орынға ие болуы тиіс» - деп атап өтті жиынға қатысқан қоғам белсендісі, экс-депутат Мұрат Әбенов.

Жас кәсіподақ көшбасшылары үшін ғылыми-қолданбалы сектор өкілдерінің шеберлік сағаттары мен алғысөздері қызықты және танымды болды: «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, МҚІАД жанындағы АМТ Төрағасы Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары Талғат Жанисбай, PhD доктор, ҚАЗМЗУ доценті, МВА СЕО «Academy of labour relations» Бибігүл Нұрашева және т.б.

Дәурен Бабамұратовтың пікірі бойынша «100 жаңа есім» жобасында еңбек адамдары міндетті түрде болуы тиіс, себебі, олар «өмірлік қиындықтар, қорқыныш пен қауіптерге күнделікті төтеп беретін, ел дамуы жолында ерен еңбек иелері болып табылады».

Мотивациялық және стратегиялық сессиялар аясында тәжірибелік тренингтер, шеберлік сағаттары, тимбилдгтер және басқа да шаралар өткізілді.

Форум еңбек жастарын әлеуметтендірудің маңызды құралы болып табылады және техникалық еңбектің алдағы онжылдықта әлеуметтік-еңбек саласының негізгі тренді ретіндегі бейнесін насихаттайды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар