Қоғам 01.09.2018 сағат 04:49  371

Алматыда 22 мың студенттің жатақхана мәселесі 3 жылда шешіледі

Қазақстандағы бүкіл студент атаулының үштен бірі Алматыдағы жоғарғы оқу орындарында білім алады. Бұл туралы қала әкімдігінің өкілдері мәлімдеп отыр. Ал, солардың ішінде 22 мың студент жатақхананы қажет етеді екен. Мұның бәріне жатақханалардағы орындардың жетпейтіні белгілі. Ендеше осынау мәселені жергілікті билік өкілдері қалай шешеді? Әкімдіктің не жоспарлағаны бар? Сол туралы азды-кем ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік.

Алматыда 22 мың студенттің жатақхана мәселесі 3 жылда шешіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Естеріңізде болса Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл көктемде Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Бес әлеуметтік бастаманы» жариялап, еліміздегі негізгі әлеуметтік проблемаларды атап көрсеткен болатын. Атап көрсетіп қана қойған жоқ, Үкіметке оларды шешуді де тапсырды. Сол 5 бастаманың қатарында студенттердің проблемасын, атап айтқанда, жатақхана тапшылығы мәселесін жоюды құзырлы сала мамандарына жүктегені есте.

Алматы қаласының әкімдігі жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып дәл осы жатақхана жетіспеушілігі проблемасын шешуге кірісіп кетіпті. Қала әкімдігінің мәліметіне сенсек, соңғы үш жылда мегаполисте 37 жатақхананың құрылысы аяқталатын болады. Бұл осы 22 мың студенттің сұранысына толықтай жауап береді.

Қазіргі таңда «оңтүстік астанада» 7 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Олардың төртеуі ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Тағы 12 жоғарғы оқу орнында 4,8 мың орындық жатақхана құрылысы үшін учаскені анықтап қойды. Сондай-ақ, қалада 19 жатақхана салу үшін жер беріліп отыр.

Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Бостандық ауданында салынған 400 орындық алты қабатты жаңа жатақхананы көріп шықты. Бүгінгі күні мұнда тұрғын және тұрмыстық бөлмелерді жиһазбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мекеменің енгізілуімен қала сыртындағы студенттерге арналған тұрғын үйге қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы 600 орындық тоғыз қабатты жатақхана құрылысы аяқталуда. Қазіргі уақытта алаңы 11 мың шаршы болатын ғимараттың ішкі әрлеу және тиісті аумақтарды көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында биылғы жылы «Алматы жастары» бағдарламасы жалғасуда. Жас отбасыларға жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру мақсатында бастапқы төлемсіз 5% мөлшерлемемен 2 млрд. теңге бөлінді.

Қалалық биліктің жұмысының басымдықтарының бірі қолжетімді тұрғын үй құрылысы болып табылады. Соңғы жылы Алматыда тұрғын үй құрылысының қарқыны 4 есеге өсті, ал әр үшінші кезектегілер пәтер алды. 1,9 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 16,5 мың жаңа пәтерлер салынды. Жақын арада тағы 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 17 мыңнан аса пәтерлер салынатын болады.

Елбасының тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бері бюджет есебінен бала бақшалардың төлем бағасы 2,5 есе төмендеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар