$ 483.23  534.74  5.12

Алматыда көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі

Алматыда көшелерінің бірінде көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі. Айманов көшесі бойындағы Жандосов пен Тимирязев көшелері арасындағы учаскеге екі жақты қозғалыс енгізіледі. Осыған орай ұзартылған көлік тұрағын жолдың батыс бетінде жасау қарастырылған.

Бұл шара Тимирязев көшесі мен Жароков көшелерінде солтүстік бұрылыстың жоқтығына қарамастан, шығыс бағытқа Жароков көшесіндегі оңтүстік бұрылыс арқылы шығуға мүмкіндік береді.

Көлік қозғалысының жаңа сызбасы бұл учаскеге 28 қыркүйектен бастап енгізіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру керектігін атап өткен болатын.

«Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады»  деді Қазақстан Президенті.

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, Алматыда көлік қозғалысының кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізілді. Бұл шара кереғар нүктелерді 50 пайызға азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Аталған учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру өткізу жолға кететін уақытты орташа 17 пайызға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.

Айта кетерлігі, қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты төмендету ісі қолға алынды, соның арқасында жоғарыда аталған учаскелерде жоғары жылдамдық 40 шақырым/сағат. Көлік қозғалысының жаңа сызбасы осы жылдың 5 тамызында енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары