Қоғам 26.09.2018 сағат 04:35  609

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы- Тюлебаев Равиль Қуанышбекұлының қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша семинар-жиналысы өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жиынға Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Әлімхан Шынарай Әлімханқызы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, аппарат басшысы Алиярова Батима Жақсылыққызы және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Шара барысында Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын түсіндірілді. Шара барысында мемлекеттік қызметшілермен қойылған сұрақтарға жауап берілді және «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» туралы бейне роликтер көрсетілді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың  29 желтоқсандағы № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің  қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдар этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды  жүзеге асырады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар