25 жастағы Арсен қазір күйзелісті бастан кешіріп жатыр. Бірнеше айдан кейін үйленгелі отырған сүйіктісінен бас тартқан ол енді не істерін білмей дал.
Арсен Азимамен осыдан 2 жыл бұрын танысқан.
«Ол небәрі 19 жаста еді танысқанымызда. Әдемі, тартымды, инабатты, тәрбиелі, қыз баласына тән қылығы бар. Онымен екі жарты бір бүтін болатынымызға еш күмәнім болмаған. Арамызда ешқандай сыр болмайды деп ойлаушы ем», - деп бастады сөзін астаналық жігіт.
Азима биыл оқуын тәмәмдап, екеуі бір-бірінің ата-анасымен танысқан. Тіпті, болашақта өмір сүретін үйлерін де бірге таңдап, сатып алыпты.
«Дінді қатты ұстанатын адам емеспін. бірақ мешітке барып, неке қиғаннан кейін ғана жақын қарым-қатынасқа барамыз деп жүрдім. Онымен бірге оянып, бірге өмір сүріп, интимдік қатынасымызды да елестеттім. Бір күні Whatsapp месенджеріне Азиманың басқа еркектің жанында тырдай жалаңаш жатқан суреті келді», - деген ол дәл сол кезде өз көзіне өзі сенбей, абдырап қалғанын айтады.
Осы жағдайдан кейін Арсен қызымен қоштасады. Қазір достары оған «кешіре сал, өмірде түрлі жағдай болады» деп кеңес беріп жүр. Алайда астаналық жігіт өмірді қайта бастауға да, сүйіктісімен табысуға да әлі дайын емес екенін айтады.
Дереккөз: NewTimes.kz