$ 443.85  474.3  4.8

«Қолын байлап, жұмыртқа лақтырды»: Желіде оқушылардың қатарластарына қорлық көрсеткен видеосы жүр (ВИДЕО)

 

Жеткіншектердің өз қатарластарын бағанға байлап, оған жұмыртқа лақтырып, қорлаған видеосы желіге тарап кеткен.

Бейнежазбада жас баланы бір топ жеткіншек жабысқақ лентамен столбқа байлағандары көрсетілген. Сондай-ақ, «Жылама, біз тек ойнап жатырмыз» деп олар балаға ескерту жасайды.

Бір уақытта бағанға байланып, басы жұмыртқа болған бала жылай бастаған. Сол сәтте оны бір-екі жеткіншек босатпақшы болады. Алайда, оқушылардың біреуі оның басына ұнға ұқсас ақ ұнтақ төгіп үлгереді.

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары