Жеткіншектердің өз қатарластарын бағанға байлап, оған жұмыртқа лақтырып, қорлаған видеосы желіге тарап кеткен.
Бейнежазбада жас баланы бір топ жеткіншек жабысқақ лентамен столбқа байлағандары көрсетілген. Сондай-ақ, «Жылама, біз тек ойнап жатырмыз» деп олар балаға ескерту жасайды.Бір уақытта бағанға байланып, басы жұмыртқа болған бала жылай бастаған. Сол сәтте оны бір-екі жеткіншек босатпақшы болады. Алайда, оқушылардың біреуі оның басына ұнға ұқсас ақ ұнтақ төгіп үлгереді.
Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.