$ 444.22  476.38  4.82

Семей жастары үй-күйі жоқ жандарға тамақ таратты (ВИДЕО)

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі «Shakarim Press» ұйымының мүшелері «Мейірімді жүрек» акциясын өткізді, деп жазады altaynews.kz.

Шара барысында олар үй-күйсіз жүрген жандарға нан таратып берді. Бұл жарқын істің басты мақсаты тағдыр тәлкегіне түскен адамдарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға жастарды ынталандыру болып табылады.

– «Асына тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз» дегендей, шын жүрекпен қолға алынған дүние өз қолдаушыларың тапты. Кішігірім өткен акция болса да, көптің көңіліне мейірім мен үміт сыйлады. Бес күндік жалған дүниеде қолымыздан келгенше жақсылық жасап өтуге тырысайықшы,-дейді Мадина Советбекқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары