Қоғам 09.10.2018 сағат 13:46  703

Нақты егіншілік технологиясының пайдасы мол

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өндірісіне нақты егіншілік технологиясы енгізілуде. Қазіргі таңда өңірдегі егін алқаптарының электронды картасы дайындалды, диқандар сандық технологияны қолдана бастады.

Нақты егіншілік технологиясының пайдасы мол
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Тың жүйе атауы бізге таңсық болғанымен, өзге шет елдерде қолданыста жүргеніне біраз уақыт болды. Технологияның артықшылығы жерді өңдеу, тыңайтқышты дәл себу сияқты істі ғылыми негізде жүргізуге мүмкіндік береді. Осы жүйемен жарақтанған комбайындар және өзге де техникалар дақылдардың түсуін анықтайды, қоректі элементтердің мөлшерін біліп отырады. Тіпті техниканы компьютер арқылы басқаруға болады. Бұл жанаржағармайды және минералды тыңайтқыштарды да айтарлықтай үнемдеуге сеп болмақ. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекелік қабілетін көтеру үшін, тиімділігін арттыру үшін біз әрине жаңа технологияларды қолдануымыз керек,-дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мәди Ғабдолов.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Qoldau» атты цифрлық платформасында көрсетілген электронды алқаптардардың кестесінде БҚО 6-орында тұр. Өңірдегі жалпы көлемі 473 мың гектарға жуық 2 мыңдай егістік толықтай (106 пайыз) цифрланған. Осынау егін алаңынының жартысы Зеленов ауданының аумағында орналасқан. Зеленовтықтар 903 алқапты толықтай сандық жүйеге көшіріп қана қоймай, заманауи техникаларды да алуда. Мәселен, биыл «Август» шаруа қожалығы жұмыс барысында улы химикат ертіндісін дәл мөлшерде қолданатын, тыңайтқыш шығының төмендететін және өнімділікті 10%-ға дейін артыратын борттық компьютермен басқарылатын автоматтандырылған «ақылды» бүріккіш алды. Ал «Матевосян» шаруашылығы ауыл шаруашылығы техникаларын бақылау мақсатында GPS құрылғысын пайдалануда. Бұл құрылғы арқылы онлайн режимінде 10 бірлік техниканы және ондағы жүргізушілерді бақылауға мүмкіндік бар. Январцев ауылдық округіндегі «Алтын бидай» шаруа қожалығы да соңғы жылдары сандық технологияларды қолдануда. Диқандар цифрландырудың оң нәтижелерін сезіне бастады. Қожалық жақсы әрі сапалы өнім алып жүр. Мәселен гектарына жаздық бидай 13,3 центенерден дән берсе, күздікті 25,5 центнерден жинады. Енді жиналып жатқан майлы дақылдардың да өнімділігі жақсы.

- «Джон Дир» кешендері мықты ғой. Онда тракторде емес, тікұшақта отырғандай сезінесің. Іші компьютер және басқа да басқару құралдарымен жабдықталған техника цифрландыруға толық жауап береді. Бізде осындай 2 кешен, 2 «К-744 Р4» тракторларымыз бар. Бұл техникаларды алғалы егістік науқанына кететін жанар-жағармай көлемі 15 пайызға дейін төмендеді, дән себу шығындары азайды, ең бастысы қаншама уақыт үнемделді,-дейді «Алтын бидай» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Мұқашев.

Цифрландыруға бет бұрған осындай шаруашылықтардың алдында агрохимиялық картограмма, арам шөптердің электронды картасын, жұмыс үдерісін басқаруды қамтамасыз ету бағдарламасын жасақтау, ауа райын болжау станциясын алу сынды іс-шаралар тұр.

Ернар ХАЙДАР

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар