Ресейдің Магнитогорск қаласындағы №5 облыстық невропсихиатриялық аурухананың қызметкерлері ақыл-есі кем қарт кісіні мазақ еткен. Осынау сәттегі видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Бейнежазбада аурухананың екі қызметкері диванда отырған қарт кісіге аяқ киімдерін лақтырған. Одан қала берсе, артынан тебеді. Өзін қорғамақ боп, ары-бері жүгірген қарт кісіні одан сайын мазақ еткен. Өз кезегінде желі қолданушылары ақыл-есі кем адамды қорлаған аурухана қызметкерлерін заң аясында жазалауын талап етуде.