Қоғам 10.10.2018 сағат 11:33  580

Қазақстан достықтың мекені

Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында Жезқазған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қазақстан достықтың мекені» атты фестиваль өтті.

Қазақстан достықтың мекені
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фестивальдің бір ерекшелігі қазақ, орыс, ағылыш тілдерін жүз пайыз жетік білетін жоғарғы, орта және жалпы орта білім беретін мекептің жастары белсенді қатысты. «Өзге тілдің бәрін біл - өз тіліңді құрметте!» ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай кештің мақсаты қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деген болатын. Көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының қайнар көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі екені сөзсіз.

Ұлт көшбасшысының ұтымды қағидасынан айнымай, адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, айналасында болып жатқан жаңашылдықты тез меңгеріп, жүрекпен қабылдап, салт-дәстүрімізді, асыл мәдинетімізді, құнды қазыналарымызды қалпына келтіріп, оны көздің қарашығындай сақтап қорғай білу, ана тіліміздің қадірін асқақтату, оны шұбарландырмай қаз қалпында сақтай білу, ұлттық кодымызды ұмытпау жайында кеңінен насихатталды.

Байқауға қатысушыларды Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ақгүл Хамитқызы Ошағанова құттықтап сәттілік тіледі.

Жезқазған бизнес және көлік колледжі, Жезқазған гуманитарлық колледжі, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық, Жезқазған политехникалық, Жезқазған медициналық, Жезқазған тау –кен металлургиялық, Жезқазған музыкалық колледждерінің ұжымы ерекше өнерлерімен көзге түсіп ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Тағылымды кеш жас өнерпаз Мұхаммед Мұсабековтің орындауындағы «Өз елім» әнімен түйінделді. Жиналғандар рухани кештен рухани мол азық алып, ризашылықпен тарқасты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар