Қоғам 09.10.2018 сағат 12:57  432

Жемқорлық індет – оны жою міндет

Жақында Ұлытау ауданы мен Сәтбаев, Жезқазған қаласына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, республикалық арнайы мониторинг топ мүшесі Төлеутай Рахымбеков, Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ердос Әбдірахманов, Жезқазған аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының бөлім басшысы Бейбіт Кәрімов өңірімізде бірнеше кездесулер ұйымдастырып, тәжірбиелерімен бөлісіп, көпшілік көкейінде жүрген мәселелерге тоқталды. Сондай келелі кездесудің бірі аймақтық «Дидар» телеарнасының баспасөз клубында жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жемқорлық індет – оны жою міндет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Баспасөз мәслихатында қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин еліміз бойынша сыбайлас жемқорлықпен оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, бүгінгі таңда нәтижесіз емес деді.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз. Қоғамды жегі құрттай жеген жемқорлықтың жолын кесу, оның алын алу сізбен біздің патриоттық парызымыз. Арнайы келген өкіл жыл басынан бері осы уақытқа дейін Ұлттық бюро жұмысына кеңінен тоқталып, нақты дәлелдермен ақпараттар берді. Атап айтсақ жемқорлық бойынша білім, құрылыс, ауылшаруашылық, жер қатынастар саласында көп қылмыс тіркеліп отырғанын жеткізді.

Жемқорлық қылмыстар бойынша әсіресе аймақтар көп тіркеліп отыр. Ең көп жемқорлық ісімен тұзаққа түсіп, құрыққа көп ілігетін Түркістан және Қостанай облыстары болып отыр. Әрине өкінішті. Бұл қуанарлық жағдай емес. Бірақ өзгелерге сабақ болсын дегендей ашық айтқан жөн.

Аталған дертпен қоғам болып күрессек түбі жеңіске жетеріміз сөзсіз. Бүгінде республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде арнайы мониторингтік топ құрылып, ауқымды жұмыстар жүргізуде. Олар қоғам қайраткерлері, журналистер, қоғам белсенділері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, әлеуметтік желіні жетік меңгергендер.

Өз кезегінде республикалық арнайы мониторингтің білікті топ мүшесі Төлеутай Рахымбеков қоғамдағы жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бойынша тұщымды, кеңінен баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жан-жақты мардымды жауаптар берді.

Басқа да арнайы келген өкілдер жемқорлық атты кеселмен әлі де алда бірлесе тығыз жұмыстар жүргізіп, індеттің түп тамырымен құритынына сенімдері нық екенін білдірді. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілетін едәуір төмендетіп, қоғамды кері қарай тежеп, елдің халықаралық беделіне күйе жағып, адамдардың билікке, демократиялық қоғамға деген сеніміне көлеңке түсіріп, елдің көңіл-күйіне кері әсер ететіні шындық. Ендеше атына кір келетін мұндай әрекеттерден бойымызды аулақ ұстап, жемқорлыққа біздің қоғамда жол жоқ, арамыздан орын жоқ деп, жалғыз отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның адал перзенті болып қалуды таңдайық.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар