Қоғам 10.10.2018 сағат 12:15  425

Бастауыш ұйымдар белсенді

«Нұр отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының «Сарыарқа» бастауыш партия ұйымы есептік-сайлау кеңесін өткізді. Басқосуға Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Хансейіт Бөлен төрағалық етті.

Бастауыш ұйымдар белсенді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Сарыарқа» бастауыш партия ұйымының құрамына он бір мекеме енген. Бастауыш партия ұйымына 704 «нұротандық» мүшелік етуде. Есептік-сайлау кеңесіне елуге жуық мүше қатысты. Күнтәртібінде үш мәселе қаралды. Оның алғашқысы 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстарды қамтыса, екінші мәселе Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау болды. Жиынға қатысушылардың зор ықыласын тудырған да осы сұрақ еді. Олар Елбасы Жолдауында айтылған басты тетіктердің қазақстандықтарға не беретінін әрі еліміздің дамуына қандай үлесі барын білуге асықты. Сөз алған «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Хансейіт Ыбырахымұлы биылғы Жолдау әлеуметтік салаға баса назар аударығанын тілге тиек етті.

– Елбасы Жолдауы – егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі бағыты. Ертеректе ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көбінесе саясат пен экономикаға басымдық беріп келді. Өйткені замана талабы солай еді. Былтыр рухани жаңғыруға мойын бұрдық, ол да уақыт тудырған қажеттілік болды. Президент ұсынған басымдықтар бойынша мәдениет пен руханият саласында қыруар шаруа атқарылды. Енді бұл бағытта біршама етек-жеңіміз жиылғандықтан да, қарапайым халықтың тұрмыс сапасын өсіру мен өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселесі бірінші кезекке шықты. Міне, сондықтан биылғы халыққа арнауды әлеуметтік Жолдау деп отырмыз, - деген Хансейіт Ыбырахымұлы Жолдаумен келетін әр жаңалыққа жеке-жеке тоқталып өтті.

2019 жылдың басынан ең төменгі жалақы мөлшері бір жарым есеге көбейеді дегенді естіп, бірақ дұрыс түсіне қоймаған бірді-екілі тұрғынның сұрағына «Сарыарқа» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дархан Мұхан жауап берді. Ол сөзінде жаңа жылдан бастап тек төменгі жалақы алатын тұлғалардың ғана емес барша қызметкерлердің айлығы өсетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті дамыту, мұғалім мәртебесін көтеру, денсаулық сақтау ісінің қызметкерлерін көтермелеу сынды бірқатар мәселелер төңірегінде ой қозғады.

Кездесудің соңында қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық XXV кезектен тыс конференциясына 25 делегат сайлады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар