Қоғам 23.10.2018 сағат 04:20  342

Жастарға жаңа мүмкіндікке жол ашады

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылап, жиын өткізді.

Жастарға жаңа мүмкіндікке жол ашады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің дамуының болашаққа арналған нақты бағдарламасы іспеттес. Онда – мемлекеттің келешегі, халықтың әл-ауқаты мен қазақстандықтардың өмір сүруі деңгейін арттыруға қатысты өзекті мәселелер көтеріледі, сонымен қатар бұл алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі кілті.

Университет ректоры Әбділмәлік Тәкішев ашып, жүргізген жиынға білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Әбділмәлік Арғынұлы Елбасының білім беру саласына аса көңіл бөлім, ұстаз мәртебесін айқындайтын заң қабылдауды тапсырғанын айтты. Бұл өз кезегінде оқытушылардың көңіліне қуаныш ұялатып, жастардың білім алуына жаңа мүмкіндік берді дейді білім ордасының басшысы. Сондай-ақ, ол өз баяндамасында Жолдаудың негізгі ережелерін анықтап, Жолдаудың еліміздің дамуына бағытталғанын атап өтіп, негізгі міндеттерін көрсетіп, оны орындау қажеттілігіне тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың басты шарты өнеркәсіптік секторды заманауи жаңғырту болып табылады. Халықтың әл-ауқаты, кез-келген мемлекеттің табысты дамуы өнеркәсіп саласының дамуымен, жаңа технологиялық әдістерді қолданумен байланысты екенін айтты.

Университет профессоры Ниязғали Жайсанбаев қазақстандықтардың жыл сайын асыға күтетін Жолдауы биыл ерекше деп атап өтті. Өйткені оның әлеуметтік сипаты басым. Халықтың баспаналы болуына, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, қазақстандықтардың оташа жасын өсіру мәселесіне тоқталып өтті профессор. Жезқазған қаласының аймақтық сардары Гүлнұр Базарбай жас буын ретінде өз ойын білдірді. Оның ойынша Елбасының келер жылды «жастар жылы» деп айқындап бергені еліміздің ертеңі саналатын жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ. Жаңа есімдер пайда болып, тың идеялар дүние келмек.

Жастардың сапалы білім алуына, олардың жоғарғы жетістіктерге жетуіне университетте жан-жақты жағдай жасалған. Бұл жасалған істер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген жаһандық бәсекеге қабілетті, көптілді, сауатты ІТ-білімді, еңбек нарығына жауап беретін, креативті ойлайтын, ұлтжанды маман тәрбиелеуге бағытталып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар