Қоғам 24.10.2018 сағат 05:55  871

«Жасанды түсік адам өлтірумен тең»: Бойжеткен түсік жасатқаны үшін өкінетінін айтты

Бойжеткен өзінің түсік жасатқаны үшін өкінетінін айтты. Кейіннен тұрмысқа шыққан ол бала көтере алмай қалған.

«Жасанды түсік адам өлтірумен тең»: Бойжеткен түсік жасатқаны үшін өкінетінін айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айгүлдің айтуынша, жігіті екеуі үйленгелі жүрген. Алайда, арада болған ұрыс-керістен екеуі көп уақытқа дейін араласпай кетіпті. Ақырында ол жүкті болып қалғанын білген. Дегенмен өмірге әкесіз бала әкелгісі келмеген бойжеткен құрсағындағы үш айлық сәбиін алдырып тастаған.

«Тұрмыс құрғаныма 1 жарым жыл болды. Қазір көтере алмай жүрмін. Өйткені 18 жасымда аборт жасатқан едім. Соның кесірінен құдай маған бала бермей жатыр деп ойлаймын. Жүріп жүрген жігітіммен ұрсысып қалғаннан кейін байланысымыз үзіліп кеткен еді. Сондықтан мен оған жүкті екенімді айта алмадым. Телефон нөмірін де ауыстырып тастаған. Содан екі ай күткеннен кейін, ішімдегі сәби үш айына жеткенде алдырып тастадым. Бәрі заңды түрде болды. Қазір сол үшін қатты өкінемін. Енді дәрігерлер маған бедеулік деген диагноз қойды. Сол үшін қыздар жасанды түсік жасатудан аулақ болса екен деймін», – дейді «Өз ойым» бағдарламасына қонаққа келген Айгүл.

Статистика бойынша, 2012-2017 жылдарда түсік жасатқан 15 жасқа дейінгі қыздар саны – 315. Оның 30 пайызы білместікпен болған жайт десе, 10 пайызы зорлық-зомбылықтың құрбаны екен. 15 пен 18 жас аралығындағы түсік жасатқан қыздар саны – 10986. Оның 25 пайызы жігіттерге алданып қалдым десе, 13 пайызы сексуалды өмірге ерте қадам басқандар. Түсік жасатқан 25 пен 30 жас аралығындағы қыздар саны – 876. Оның 67 пайызы жыныстық ауруларға шалдыққан, 6 пайызы материалдық жағдайды сылтауратады екен.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар