$ 498.34  519.72  4.85

Жезқазғанда «Кедегісіз келешек» партиялық жобасы жүйелі жұмыстар атқаруда

«Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының ұйымдастыруымен Елбасының тапсырмаларына орай «Кедергісіз келешек» жобасы аясында арнайы комиссия қаламыздағы бірқатар жалпы орта білім беретін мектептердің тыныс-тіршілігімен жақын танысып қайтты.

Комиссия құрамында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, қалалық мәслихат депутаты Светлана Жұмкина, қалалық білім бөлімінің басшысы Жеңіс Әльмағанбетов, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаев бар. Аталған комиссия қаламыздағы тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде, №9, №10, №13 жалпы орта білім беретін мектептерде болып, қысқа дайындығы мен қоса басқа да жағдайларымен жақын танысты.

Жұмыс тобының мүшелері жасалып жатқан пандустардан бастап, ауыстырылған терезелердің сапасын жіті қарап, Мердігерлерге өз ұсыныстарын айтып, жұмыс жүйелі істеліп, сапалы болуын әрі уақытылы бітіруді шегелеп тапсырды. Сонымен қатар нұротандықтар №9 жалпы орта білім беретін мектептің базасындағы шағын орталықтың әлеуметтік бейімділігі мен жәй- күйімен танысып, қанағаттанарлық баға берді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары