$ 514.65  544.6  5.17

Жезқазғанда Қарағанды облыстық ҮЕҰ арасында фестиваль жалауын көтерді

Жезқазған қаласы әкімдігі, «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұыйымдастыруымен «Үкіметтік емес секторды қолдау – қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруының жалпы мемлекеттік стратегиясын табысты жүзеге асырудың факторы» тақырыбында облыстық фестиваль өтті.

Байқауға Қарағанды облысының әр өңірінен барлық қала, ауданынан әкімдік, департамент, басқарма басшылары мен түрлі мекеме – ұйымдардың жетекшілері, облыстық ҮЕҰ төрағалары, басқа да қонақтар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қасиетті Жезқазған жері тағы бір айтулы ерекше дүбірге бөленді. Облысымыздың әр өңірінен келген құтты меймандарды жезқазғандықтар құшақ жая қарсы алып, тек қазаққа тән нағыз қонақжайлылық танытты.

Осындай игі шараның басты ұйымдастыруышысы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошановқа фестивальге қатысушылардың айтар алғысы шексіз.

Сонымен, пленарлық отырыстың басы облыс әкімінің құттықтау хатын тапсырудан басталды. Айтулы іс-шараға Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімов, «Қоғамдық даму» министрлігінің басқарма басшысы Марат Балғабайұлы Қасқырбаев, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы» ЗТБ президенті Гүлнәр Төретайқызы және Қарағанды облысының Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Теміржан Тиышқұлұлы Ахметов фестивальдің ашылуымен құттықтап, пленарлық отырыстың негізгі мәселелеріне көшті.

Пленарлық басқосуда «Қарағанды облысының үкіметтік емес секторының даму жағдайының талдамасы», «Орта мерзімді перспективаға бағытталған азаматтық қоғамның дамуының негізгі стратергиялық және концептуалдық мәселелері туралы» баяндамалары тыңдалды. Осыдан кейін, «Ең үздік ҮЕҰ - 2018» және «Үздік әлеуметтік жоба - 2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Пленарлық отырыстан кейін ҮЕҰ 3 топқа бөлініп, дискуссия өткізді. Дискуссияны облыс орталығынан келген өз ісінің білгір маман-басшылары жүргізді. Дискуссия тақырыптары Қарағанды облысының ҮЕҰ ағымдағы мәселелерін талқылау, ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың басты бағыттарын талқылау және ҮЕҰ қызметін құқықтық реттеу сұрақтарын талқылау. Міне осы тақырыптар бойынша ҮЕҰ өкілдері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін атып, жан-жақты мамандардар терең мағлұматтар алды. Шартқа сәйкес соңында резолюция қабылданды.

Барлық қатысушылар ҮЕҰ ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар мен Алғыс хат және бағалы сыйлықтар иеленді. Фестивальге кеген меймандар Жезқазған қаласының көрікті жерлерін аралап, қаламыздағы Тарихи – археологиялық және Қаныш Сәтбаев атындағы Өндірістік – тарихи мұражайларына экскурсия жасады. Осындай жоғары деңгейде өткен фестивальге қатысушылар мыс шаһары Жезқазған жұртшылығына риза көңілмен тарқасты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары