$ 498.34  519.72  4.85

«Бәріміз бірдейміз»

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәл осындай атаумен XXI облыстық шығармашылық фестивалі өтті. «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ ұйымдастырған шараға облыстың барлық ауданындағы және Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

БҚО мүгедектері ерікті қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылып өткен шараға қатысқандар көркемсөз оқып, эстрадалық вокал аталымы бойынша ән айтып, музыкалық аспапта ойнап өнерге ештеңенің де кедергі болмайтынын дәлелдеді. Ал олар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі ерекше төзімділікті, еңбекқорлықты паш етті.

- Мұндай шаралар талантты жандарды танытып, олардың өнерін көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді. Сіздер спорттық шараларға да белсенді қатысып келесіздер. Арамызда чемпиондар да бар. Олардың рухы мықты, ерік-күші ерен. Елімізде ерекше қамқорлыққа мұқтаж азаматтарға кең қолдау жасалып келеді, - деді шараға арнайы қатысқан БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Шарада сөз алған «Жаңақала ауданының мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ төрайымы Қалила Нұрсұлтанованың айтуынша, аудандық қоғамның 742 мүшесі бар. Олардың арасында өнерлі жандар жетерлік. Қолөнермен, шаруашылықпен айналысатындар да жетерлік. Бұл фестивальде бірлестік мүшелері барлық аталым бойынша өнер көрсетіп, жүлделі орындар алды. Алдағы жылы жаңақалалықтар биылғыдан жақсы өнер көрсетпекші. Себебі, олардың шығармашылығын шыңдауға барынша мүмкіндік жасалуда.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары