Қоғам 31.10.2018 сағат 12:33  1963

«Сексті те қалауынан тыс істейтін сияқты»: Тұрмыс құрғанына 5 жыл болған әйел жұрттан кеңес сұрады

Қайын жұртының табалдырығын аттағанына 5 жыл болған күмәншіл әйел көпшілікке күйеуімен ара-қатынасы жайлы айтты. Жұбайының көңілдесі бар деп күмәнданатын ол жұрттан «не істесем болады?» деп кеңес сұрады.

«Сексті те қалауынан тыс істейтін сияқты»: Тұрмыс құрғанына 5 жыл болған әйел жұрттан кеңес сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Автор күйеуімен осыдан 5 жыл бұрын некесін қиған. Араларында 3 бала бар екен.

«Менің ішке жинап жүрген сырым бар. Күйеуім менің көзіме шөп сап жүрген сияқты. Өзіме қарап жүремін. Жағдайымыз жақсы. Қалай ғана мені алдауға дәті барды? Қай жерден қателік жібердім екен? Ұстап алмағаннан кейін де бетіне ештеңе айта алмаймын. Аңдып шаршап кеттім. Қадірім де кеткен сияқты. Төсек қатынасына да жиі түспейміз. Қалауынан тыс істейтін сияқты. Не істейін? Ақыл айтыңыздаршы?», - деп көмек сұрады ол Instagram әлеуметтік желісіндегі Eresekter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін тұрмысқа енді шыққан келіншек «төсек ләззатын сезінгім келеді» деп әлеуметтік желі қолданушыларына жеке өміріндегі жағдайын жайып салған еді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар