$ 494.87  520.65  4.91

Бойжеткен қолаң шашын 20 жыл бойы жумаған (ВИДЕО)

Британдық Френки Клуни қолаң шашын 20 жыл бойы жумаған. Ол әлеуметтік желіде оқырмандарына шаш күтімі туралы кеңестерімен бөлісті.

The Daily Mail басылымына сұхбат берген әйелдің айтуынша, ол шашын жууды бала кезден бері ұнатпаған. Сөйтіп таныстарының айтқан кеңесіне құлақ асып, шашын мүлдем жумайтын болыпты. Қазір оның шашының ұзындығы – 1 метр 80 см-ге жетеді.

«Алғашқы кезде шашым кір болып, көп қышитын. Содан кейін уақыт өте келе үйреніп кеттім», – дейді Френки Клуни.

Оның айтуынша, қолаң шашқа аса күтімнің де қажеті жоқ екен. Тек үнемі және ұзақ тарап отыру керек дейді.

Френки Клуни шашын 6 жасынан бастап өсіре бастаған. 13 жасынан бері басын жумапты. Ал 18 жастан бастан шашының ұшын еш қимаған. Қазір әйелдің жасы 32-де.

Тек шаштарының ұшы шатасқаны ғана болмаса, Френки өзін жақсы сезінетінін айтады. Сондай-ақ, шашын бірқалыпты етіп жаю үшін оған бірнеше сағат керек екен.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары