$ 444.22  476.38  4.82

«Сыра әкел»: Шымкентте молданың киімін киген мас адам жұртты араққа жұмсап жүр (ВИДЕО)

Шымкентте көшенің қақ ортасында отырған мас молда сыра сұрап, жұрттың ашуын туғызды. Осынау сәттегі видеоны  Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Анар Сулеева өз парақшасында бөлісті.

Бейнежазбада имамның киіміндегі ер адамның мас күйінде жерде отырғаны көрінеді.

«Сыра күн суықта мұздатады. Екінші ішпеңіз. Мынадай «офицерлік» киімді шешіп, ішпедіңіз бе? Ұят қой, енді мынау», – дейді кадр сыртындағы ер адам имамға.

Ал жерде отырған мас «молда» болса, оны сыраға жұмсайды. Тіпті былапыт сөздер айтып, боқтаған.

Видео авторы сол маңдағы дәмханаға кіріп, ер адамның қайдан келгенін сұрайды. Алайда, ол жердегілер «молданың» қаладан келгенін айтқан.  

ҚМДБ баспасөз қызметі видеодағы ер адамның мешіт қызметкері болмауы әбден мүмкін екенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары