$ 494.87  520.65  4.91

Демалыс күндері еліміздің біраз бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Еліміздің батысының кей жерлеріне жауып өткен нөсерлі жаңбыр, ауа-райының +20-28 градусқа төмендеуіне әкелді.  Жаңбыр шақырған циклон шығысқа қарай ығысты және алдағы үш күнде республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығыс аймақтарында жаңбыр жауып, кей жерлерде тіпті нөсерге айналады, сонымен қатар бұршақ пен желдің 15-23 м/с үдеуі, күндізгі температураның +15-25 төмендеуі күтілуде», — деп болжайды синоптиктер. 

13-14 шілдеде еліміздің оңтүстігінде, 14 шілде оңтүстік-шығыста сол циклонға байланысты, суық атмосфералық фронттардың әсерінен, жаңбыр күтілуде. Қысқа мерзімді нөсерлі жаңбыр мен  15-23 м/с жел соғуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары