Қоғам 15.11.2018 сағат 05:52  368

Оралда ҮЕҰ-ның ресурстық орталығы бар

Азаматтық сектор қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Сол себепті жыл өткен сайын Батыс Қазақстан облысында да «үшінші секторды» дамытуға жете мән берілуде. Соның бір дәлелі - таяуда Оралда ашылған үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы.

- Орталықта үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатындағы заңгерлік, бухгалтерлік қызметтер көрсетілді. Ол үшін арнайы мамандар шақырылады. Мұнда ҰЕҰ өкілдерінің жұмыс жасауына, шаралар өткізуіне барынша жағдай жасалған. Яғғни қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Жақын күндері орталық жұмысының тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарына жету үшін үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша әдістемілік құрал дайындалады. Осы жерде үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бағытталған семинарлар, әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізу, ҮЕҰ-лардың арнайы мектебін ұйымдастыру да алдағы уақыттың еншісінде, - дейді облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Жиын барысында сөз алған БҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымовтың сөзіне қарағанда, бұл жобаның мақсаты – өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін, кәсібилігін арттыру, осы саладағы жұмыстарды жаңа арнаға бұру болып табылады. Бүгінгі таңда өңірдегі ҮЕҰ-ның басты мәселелерінің бірі – өз меншіктерінде ғимараттың, материалдық-техникалық базаның жоқтығы, маман тапшылығы, еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерімен, республикалық, халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің аздығы. Жаңа ашылған орталық осынау мәселелердің біразін шешуге мүмкіндік береді.

Айтып өту керек, облыста 655 үкіметтік емес ұйымы тіркелген. Олар азаматтық бастамаларды, ғылым мен білімді дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, гендерлік теңдік, жастарға қолдау көрсету бағыттары бойынша жұмыс жасайды.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

 

Оралда ҮЕҰ-ның ресурстық орталығы бар
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар