Қоғам 13.12.2018 сағат 11:22  348

«Еркектерге қызмет көрсеттік»: Шетелге арман қуып кеткен жалғызбасты әйел секс-құлдықтың құрбанына айналған

Шетелге арман қуып барған жалғызбасты әйел секс-құлдықтың құрбанына айналған. Бұл туралы ол pandaland.kz порталына жазған хатында баяндап берді.

«Еркектерге қызмет көрсеттік»: Шетелге арман қуып кеткен жалғызбасты әйел секс-құлдықтың құрбанына айналған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Жасым 32-де. Аты-жөнімді айта алмаймын. Себебі, екі жылда басымнан неше түрлі жағдайлар өтті. Ақшаның соңынан қуамын деп, өзімді жоғалтып алдым. Ешкімге сенбеңіздер. Өз елдеріңізді тастап, шетелге жұмысқа бармаңыздар дегім келеді. Ол жақта сізді күткен ешкім жоқ», – деп бастады сөзін келіншек.

Күйеуімен ажырасып кеткен ол баласымен ата-анасының жанына көшіп барады. Бірақ азық-түлік алу, үйдің барлық тірлігі бір өзінің мойнына жүктелген. Алайда, бұл өмірден шаршаған ол бір күні құрбысымен ілесіп Дубайға жұмысқа аттанады.

«Менің ай сайын табатын 200 мың теңгем тек азық-түлік пен балама жұмсалатын. 30 жастағы мен үшін өмірімдегі жетістік балам болатын. Көңілімді көтеру үшін киім дүкеніндегі сатушы жігіттер кешке жақын отырысқа шақыратын. Міне, менің өмірім осылай өтіп жатты. Бір күні құрбым Алина маған Дубайда жұмыс бар екенін және елден, қу тіршіліктен шаршағанын айтты. Сөйтіп оның Мира деген таныс қызының шақыртуымен ойланбастан Дубайға ұшып кеттік. Бірақ ол жақта бізді нағыз тозақ күтіп тұрғанын сол кезде білсемші», – дейді сол күнін өкінішпен есіне алған әйел.

Алғаш рет Дубай топырағын басқанда әйел бір жаманшылықты сезген. Алайда, құрбысының «бәрі жақсы болады» деген сөзіне сеніп еріп кете барған.

«Дубайда бізді белгісіз ер адам күтіп алып, қонақүйге апарды. Жолдан шаршаған біз бірден ұйықтап қалдық. Бірақ бізді еркектерге сату сол күннен басталды. Біз қарсылық білдірген сайын олар да бізді ұратын. Клиеттерден түскен ақшаны бізге бермейтін. Біздің жұмысымыз тек – клиент қабылдау, онымен жыныстық қатынасқа түсу болды. Сөйтіп бір жылдан кейін де мұндай өмірге денеміз үйреніп кетті. Кейіннен клиенттер өзімізге ақша тастап кететін болды. Сол ақшаларды жинап, құрбым екеуміз тозақ өмірден қаша алдық. Алайда, біздің елге орлағанымыз туралы ешкім білмейді», – деп жазған хатында келіншек.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар