Қоғам 19.12.2018 сағат 11:16  501

Атырау облысында рұқсатсыз намазхана ашқан асхана жұмысын тоқтатты

Атырау облысында намаз оқу бөлмесін рұқсатсыз ашқан асхана 3 айға уақытша жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша кәйсіпкер айыппұл төлейтін болды деп жазады «Мой город».

Атырау облысында рұқсатсыз намазхана ашқан асхана жұмысын тоқтатты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырау облыстық Полиция департаменті Діни экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы асханаларға тексеру жүргізу барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз ашылған намаз оқу бөлмесі барын анықтаған.

«Кәсіпкер «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бабы бойынша толығымен кінәлі деп танылды. Сот асхана әкімшілігіне 120 250 мың теңге көлемінде айыппұл салды және мекеме 3 айға жұмысын тоқтататын болды», - дейді Атырау облысы, Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар