Қоғам 20.12.2018 сағат 14:24  453

«Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойыздың жолаушылары төсекте зиянкестердің барын айтты (ВИДЕО)

«Ақтөбе-Алматы» бағытында жүретін пойыздың жолаушылары төсек жабындыларында зиянкестердің жүргенін айтады. Сөздері дәлелді болу үшін олар зиянкестерді бейнекамераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.

«Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойыздың жолаушылары төсекте зиянкестердің барын  айтты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бейнежазбада зиянкестердің төсек жабындыларында өрмелеп жүргені көрінеді. Алайда, «Жолаушылар тасымалы»  АҚ пойызда жиі тазарту жұмыстары жүргізіліп отыратынын алға тартты. 

«Басқа жолаушылар шағымданған емес. Өйткені біз ай сайын тазарту жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Егер расымен де зиянкестер пойызда болса, онда қажетті шараларды қолданамыз»,  - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының баспасөз қызметі.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар