$ 447.4  477.55  4.76

Жылу қашан беріледі?

Бүгін Үкімет үйіндегі отырыстан соң, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник қысқы жылу беру маусымы қандай жағдайда және қашан басталатындығын мәлімдеді.

Қазақстандағы қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы жайында мәліметтермен бөліскен министр БАҚ өкілдерінің жылу беру кезеңінің қашан басталатындығына қатысты сауалға былай деп жауап берді.

- Қазіргі кезде еліміздегі жылу беру маусымына кәсіпорын, мекемелердің 97 пайызы толық дайын деуге негіз бар. Оның ішінде негізгі басымдық әлеуметтік нысандардың дайындығына баса назар аударғым келеді. Себебі, бірінші кезекте осы санаттағы нысандар іске қосылатындығын ерекше атап өткім келеді. Егер ауа температурасы 7-8 градус жылылықты көрсетіп, қатарынан 3-4 күн бойы жоғарыламай тұрып алса, жоғарыда аталған әлеуметтік нысандарға (мектеп, аурухана, балабақша сынды ғимараттар) бірінші кезекте жылу берілетін болады. Содан кейін барып, ауа температурасының көрсеткішіне қарап тұрғын үйлер қосылатын болады, - деді Владимир Сергеевич.

baq.kz/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары