Жалаңаш денесіне қазақтың әшекей бұйымдарын тағып, желіде шу шығарған Шырын Нарчаева өзін және туыстарын әлдекімдердің қорқыта бастағанын айтып, жылап қалды. Бұл туралы ол Instаgram парақшасындағы видеода айтты.
«Білесіздер ме? Басында бұған мән бермедім. Ал қазір мені шектен тыс қорқытып жатыр. Жақындарыма да қауіп төніп тұр. Біреулер тіпті менің мекен-жайым туралы да ақпарат таратып жүр.
Қорыққанымды білдірмеуге тырыстым, бірақ осы жолы үндемей қала алмадым. Ал бүгін тіпті, біреулер менің артымнан аңдып, суретке түсірді.
Мен не үшін кешірім сұрауым керек?», – дейді Нарчаева.
Шырын өзінің істеген әрекеті үшін ешқашан өкінбейтінін бұған дейін де айтқан. Оның пікірнше, мемлекет қаржысын жымқырып отырғандар халықтан ұялып, дәл солар кешірім сұрауы тиіс.
Еске сала кетейік, желіде танылған блогер Баян Алагөзованың да назарынан тыс қалмады.