$ 447.4  477.55  4.76

Астанада ар адамның тілі бағанаға жабысып қалды (ВИДЕО)

Астанада ер адам аязды күнде бағанаға тілін тигіземін деп, жабысып қалды. Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі astana_sergek тобында жаррияланды.

Бұл оқиға бас қаладағы Тәуелсіздік даңғылында Пирамида ғимаратының аймағында болған. 

Бейнежазбада темірге тілі жабысып қалған ер адам не істерін білмей тұр. Қасындағы әйелдер оның бұл әрекетіне күлген. Ал ол болса темірден тілін қалай босатып алуын сұрағандай болады.

Елордадағы Денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері өздеріне мұндай келеңсіз жағдай туралы ешкімнің хабарласпағанын айтты. Соған қарағанда ер адам темірге жабысып қалған тілін өзі босатып алған болуы керек.

Оның аязды күнде мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары