$ 494.87  520.65  4.91

Бір айлық ұлын құшақтап билеген Байзақова көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Былтыр ғана түнгі клубта ақша үшін қыз шешіндірген Айжан Байзақова соңғы кездері өзін көпшілікке үлгілі ана образында көрсетіп жүр. Блогер бүгін ұлына мейірлене қарап, онымен бірге би биледі. 

Видеоны Байзақова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеген. Кадрда блогер баласын қапсыра құшақтап, ерекше көңіл күймен билеп тұр. 

Көпшілік ұлының есімін сұрап, Байзақоваға ана болу керемет жарасатынын жазып жатыр. Пікірлердің басым көпшілігі жағымды. 

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова былтыр былапыт сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары