05.01.2019, 05:45

Жоғалып, қайта табылған түркістандық 2 келіншекті туыстары молдаға апарған

Түркістан облысында осыдан бір ай бұрын жоғалып кетіп, қайта табылған қос қызды туыстары молдаға апарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сарыағаш ауданында тұратын Ұлжалғастың анасы Алтынай Азированың айтуынша, қызын белгісіз біреулер дуалап тастаған көрінеді. 

«Дуалаған деді. Сосын молдаға апарып оқыттық. Дәрігерлерге апармадық. Бұрынғы қалпына түсіп қалғандай болды. Қазір Шымкентте, оқуына жібердік. Медициналық колледждің 4-курсында оқиды, үйдегі төрт қыздың кішісі. Күйеуімен қосылып қалар құдай қаласа, кездесіп жүр», - деді Азирова.

Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен құрбылар бұрынғы күйеулерімен өз еркімен танысып, бас қосқан.

Алайда екі аптадан соң Отардағы әскери гаризоннан табылған екі келіншектен жұбайлары бас тартыпты. Хабарсыз кетіп, елді алаңдатып қоюларының себебін 22 жастағы екі азаматша туыстарына түсіндіріп бере алмаған.