05.01.2019, 10:23

Қостанайда жоғалып кеткен 24 жастағы бойжеткен аман-есен табылды

1 қаңтар, дәл туған күнінде жоғалып кеткен Александра Тритенкова аман-есен табылды деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаменті.

Бойжеткен 1 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмаған. Полицейлер оны танысының үйінен тапқан. Жағдайы жақсы.

24 жастағы Тритенковамен хабарласа алмаған туыстары полицияға хабар бер берген еді. 

Дереккөз: Аlau.kz