$ 443.85  474.3  4.8

Астанада жылыту маусымы бүгіннен басталады

Астанада жылыту маусымы 29 қыркүйектен басталады. Бұл жөнінде елорда әкімдігі хабарлады. Қазақстанның кейбір аймақтарында көп қабатты үйлер жылумен қамтамасыз етілген. Мәселен, жылу қосылған алғашқы қалалардың қатарында Көкшетау мен Петропавл бар. Бұл жерлерде пәтерлерге жылу 25 қыркүйектен бастап берілген. 

Астанаға қатысты айтар болсақ, Энергетика басқармасында осы жылы жылыту маусымы ерте басталды деп отыр. Себебі, жылу қосылатын ресми мерзім — 15 қазан. Бұл фактіні шенеуніктер суық ауа-райымен байланыстырып отыр.

Бірінші болып Астананың әлеуметтік нысандары мен көп қабатты үйлері жылумен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, 1 қазаннан бастап Қарағанды, Қостанай, Павлодарда  жылу қосылады. Ал, Өскеменде жылу маусымы 5 қазаннан бастау алмақ.

Батыс және оңтүстік аймақ тұрғындары тек 15 қазаннан бастап жылумен қамсыздандырылады. Қазақстанның осы бөлігінде ауа температурасы 20 градус шамасында сақталады.

7kun.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары