Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың онлайн-таблосына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, «Үрімжі-Астана» бағытының рейсі Алматыдан кешігіп ұшатын болды.
Сонымен қатар «Астана-Алматы» бағытындағы КС671 рейсі, «Астана-Франкфурт» рейсі кейінге шегерілді. Сонымен қатар, «Үрімжі -Алматы» бағытындағы CZ6011 рейсі, «Астана-Алматы» бағытындағы О358 рейсі кешігіп шығатын болды.
Онлайн таблодағы ақпаратқа сәйкес, ұшақтар кестесінің бұзылуынан Ыстанбұл-Қарағанды бағытындағы НКС9492 рейсі, «Астана-Алматы» бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының ІО354 рейсі, «Алматы-Шымкент» бағытындағы «Скат» әуе-компаниясының КС972 әуе рейсі Алматыға кешігіп келеді.
Сондай-ақ, «Астана-Алматы» бағытындағы «Эйр-Астана» компаниясының DV704 рейсі мен КС672 рейсі Алматыға ұшпайтын болды.
Айта кету керек, Алматы әуежайының территориясында ауа температурасы -4 градусты көрсетіп тұр.