$ 494.87  520.65  4.91

Жаркентте колледж мұғалімі студенттерді ұрып-соқты (ВИДЕО)

Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты деп жазады Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр.

«19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды», – делінген видеоролик сипаттамасында. 

Алматы облыстық білім беру басқармасы колледжде ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Осы жағдайға байланысты, Жаркент көпсалалық колледжде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады», – деді басқарма өкілдері. 

Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары