12.01.2019, 07:46

Павлодар облысында өлген ағасының кегін алмақ болған жігіт қателесіп жазықсыз адамды өлтірген

Павлодар облысында ер адамды өлтіріп, кейін оның денесін жол бойына тастай қашқан сотталушы 9 жылға абақтыға аттанды. 30 жастағы азамат ағасының өлімі үшін осылай кек алмақ болған деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Нақтырақ айтсақ, Жандос Мұхамеджанов Ақсу қаласындағы дәмханада өзімен бірге отырған Дәурен Мүбәрәковқа: 5 жыл бұрын ағамды өлтірдің», - деп жұдырық ала жүгіріпті. Кейін қасындағы өзге сыбайластарымен оны көлік жүксалғышына салып әкетіп, шаһар сыртындағы зиратта сойылмен өлгенше сабаған. Ақыры оның денесін жол бойында тастап, іздерін суытыпты. Марқұмның денесінен 120 соққының ізі табылды.

Осы қылымыс үшін Мұхамеджанов 9 жыл арқалап, әрі марқұмның отбасына 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Мүбәрәковқтың артында үш баласы қалғанын айтқан ата-анасы, сот тым жеңіл шешім шығарды деп айқайға басты.

Айта кетейік, қайтыс болған Дәурен Мүбәраков сотталған жігіттің ағасын өлтірмегені дәлелденген.