Алматыда бір түнге жалға берілетін сексуалды бөлме ел назарын өзіне аударды. Ауданы 50 шаршы метр болатын БДСМ бөлме жайлы Krisha.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Алматының ең қымбат ауданында орналасқан пәтер ғашықтар мен жұбайларға арналған.
Бөлмеде шыбық, кісеннің түр-түрі бар.
«Таза. Әдемі үйді назарларыңызға ұсынамыз. 50 шаршы метр болатын бөлме жан рахатына арналған. Бұл орын – сезімге ерік беріп, өзіңіздің айналаңызды өзгертуге арналған. Үйдің ішіндегі жағдай сүйгеніңізбен уақыт өткізу үшін таптырмас орын. Пәтер 2-4 адамдық топқа немесе ғашықтарға беріледі. Шулы кештерге арналмаған», - деп жазған пәтерді жалға беретін адам.
Айта кетейік, пәтер бір аптаның ішінде 4000-нан астам қаралым жинап үлгерген.